Әлемдік нарықта қазақстандық көмірдің экспорттық бағасы айтарлықтай өсіп келеді. Бұған Еуропа елдері мен Солтүстік Африка тарапынан сұраныстың артуы және жеткізу тізбегіндегі тәуекелдер себеп болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Finratings.kz сарапшыларының мәліметінше, қазіргі уақытта Еуропа бағытындағы ірі фракциялы (0-300 мм) көмірдің бір тоннасы 130-135 доллар көлемінде саудаланып жатыр. Ал ұсақ фракциялы (0-50 мм) көмірдің бағасы 113-115 доллар төңірегінде тұр. Нақты келісімдер де осы бағаны растайды: жақында 30 мың тонналық партия тоннасына 130 доллардан сатылған.
Қазақстандық отынға тек Еуропа ғана емес, Солтүстік Африка елдері де үлкен қызығушылық танытып отыр. Еуропа елдері зақ мерзімді келісімшарттар жасауды белсенді түрде жалғастыруда. Ал Марокконың энергетикалық компаниясы қазақстандық көмірдің алты партиясын сатып алып үлгерді. Мамыр-шілде айларында жеткізілетін бұл көмірдің бағасы тоннасына 113-115 доллар болып бекітілген.
Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды
Сарапшылар бағаның қымбаттауын бірнеше фактормен байланыстырады. Біріншіден – жоғары сұраныс, екіншіден – Қазақстандағы ірі көмір компанияларының біріндегі жұмыс барысының өзгеруіне байланысты туындаған алаңдаушылық. Сатып алушылар болашақта дефицит болуы мүмкін деп қауіптеніп, көлемді алдын ала бекітіп алуға тырысып отыр.
Мамандардың болжамынша, алдағы айларда көмір нарығындағы жағдай экспорттық ағындардың тұрақтылығына байланысты болмақ.
Еліміздегі көмір қорының көлемі қанша жылға жетеді?