Невролог Эмад Эстемалик бас ауруын дәрі-дәрмексіз де емдеуге болатынын айтты. Infobae басылымына берген сұхбатында ол бірнеше кеңес ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Эстемаликтің айтуынша, суық компресс бас ауруы сақинасын басады, ал жылы компресс — кернеу типті бас ауруына көмектеседі. Сондай-ақ, шағын бір шыныаяқ кофе де пайдасын тигізуі мүмкін. Алайда дәрігер кофеинді шамадан тыс тұтыну керісінше бас ауруын күшейтетінін атап өтті.

"Дене жаттығулары — бас ауруына қарсы ең жақсы құралдардың бірі", — деді маман.

Мысал ретінде йога, жүзу, серуендеу, иық пен мойынға арналған жаттығуларды келтірді. Бұған қоса, мұндай кезеңдерде дұрыс тамақтану маңызды: майлы, ауыр және ультраөңделген тағамдардан аулақ болып, оның орнына жеңіл әрі сұйық тағамды жеген жөн.

Сондай-ақ, Эстемалик су көп ішу керегін айтты, өйткені су аз ішсеңіз, басыңыз жиі аурады. Соңында ол әртүрлі релаксация техникасын қолдануға, көзге артық күш түсіруден сақтануға және магний, В2 дәрумені, коэнзим Q10 сияқты қоспаларды тек дәрігермен кеңескеннен кейін қабылдауға кеңес берді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget