Ақтаулық түлектер аста-төк кештен бас тартып, жиналған қаражатты ерекше қажеттілігі бар балаларға берген , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл 97 түлек қымбат көйлек пен костюмдерден, банкет пен шулы тойдан саналы түрде бас тартып, жиналған қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрді. Барлық сома аутизм мен басқа да ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсететін "Періште" орталығына аударылды.

Бұл идеяны бастама ретінде оқушылар өздері көтерген, ал ата-аналар мен ұстаздар толық қолдау білдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиналған қаражат балалардың қоғамға бейімделуіне бағытталған арнайы бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Игі іске мұрындық болған түлектер бұл әрекеттері елдегі өзге жасөспірімдерге де үлгі болып, көзбояушылық пен дарақылықтан гөрі, жақсылыққа бет бұруға себеп болады деп үміттенеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget