Алматыда көз жұмған әйел донор болып, алты адамның өмірін сақтап қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухана базасында қайтыс болғаннан кейін донордан ағзалар алынған.
gov.kz
Донордың туыстарының келісімінің арқасында бірден бірнеше маңызды ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік туған:
- жүрек 1988 жылы туған науқасқа;
- бауыр 1982 жылы туған науқасқа;
- оң жақ бүйрек 1996 жылы туған науқасқа;
- сол жақ бүйрек 1966 жылы туған науқасқа;
- мөлдір қабық 1983 және 1956 жылы туған науқастарға ота арқылы салынған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!