Мамандар тым ашық қызыл түсті құлпынайдың адам денсаулығына зиян болуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Токсиколог Сергей Воструховтың айтуынша, құлпынайдың тым ашық әрі қанық түсі оның табиғи жолмен емес, қауіпті химиялық заттармен өсірілгенін білдіруі мүмкін. Бұл заттардың қатарына антибиотиктер, гербицидтер (арамшөптерге қарсы қолданылатын химикаттар), түрлі пестицидтер жатады.
Оқи отырыңыздар:
- Қандай тағамдар қуаныш сыйлайды
- Диетолог өсімдік майы туралы шындықты айтты
Маман әсіресе нитраттарға ерекше тоқталды. Олар – ауыл шаруашылығында жиі қолданылатын тыңайтқыштар. Бірақ белгілі бір жағдайда нитраттар нитриттерге айналып, адам өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.
Бұл – адам ағзасына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін химиялық заттар. Сондықтан құлпынай сатып аларда түсіне, иісіне және сапасына мұқият болу қажет, – деді Вострухов.