Қас-қағым сәтте адам жанын арашалаған абзал жан. Алматылық дәрігер Ғазиз Төлепбергенов үстіне құрылыс әйнегі құлап, көп қан жоғалтқан келіншекке алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жанын сақтап қалды. Жедел жәрдем келгенше науқастың қанын тоқтатып, бірге ауруханаға дейін барып, жағдайын бақылап отырған. Сол күні өз шаруаммен жүрсем де, бұл менің азаматтық борышым болды, — дейді хирург-дәрігер. Бейбіт күннің батыры туралы келесі репортажда.

Өткен аптада табиғат тосын мінез танытып, қатты жел соғып, ғимараттар бүлінді. Сол сәтте «Арыстан» базарының төбесінен әйнек опырылып, бір саудагердің үстіне құлаған. Бәрі абдырап қалғанда, сол маңда жүрген Ғазиз Төлепбергенов көмекке ұмтылып, әр секундтың маңызды екенін жақсы түсінген.

Ғазиз Төлепбергенов, №7 клиникалық аурухананың дәрігері:

Өкінішке орай, жас келіншек үлкен ауыр жарақат алды. Оң қолының. Сол сәтте үлкен артериялды тамырдан қан кету болды науқаста. Науқас геморрагиялық травматикалық шоктың ауыр дәрежесінде болды. Қолда тұрған бар материалмен, арнайы материал болған жоқ, барымен қанды тоқтаттық.

Дәрігердің сөзінше, науқастың өміріне айтарлықтай қауіп төнген. Себебі келіншектің қан тамырлары мен жүйке жүйесі зақымданған. Ғазиз Төлепбергенов те жедел жәрдем көлігіне отырып, науқаспен бірге ауруханаға барған. Жолай қабылдау бөліміне хабарласып, науқастың жағдайы ауыр екенін айтып, не дайындау керек екенін ескерткен.

Райхан Есалиева, қала тұрғыны:

Осы жердің врачтары экстренно тез-тез қабылдады. Ғазиз мырза менімен соңына дейін болды. Бірге жүрді. Мен есімді жоғалтқан жоқпын. Операционныйға көтерілгенше. Үлкен рақмет айтамын дәрігерлерге.

Дер кезінде алғашқы көмек көрсетілгеннің арқасында науқастың жағдайы қазір жақсы, — дейді дәрігерлер. Бүгін үйіне шығарылды. Ал кәсіби шеберлігі мен адами қасиетін көрсете білген Ғазиз Төлепбергенов – Денсаулық саласының үздігі. Жұмыстан тыс уақытта да адам жанына араша түсу ерлік емес, азаматтық парызым, — дейді абзал жан.

Қуан Нұрақын