Құлсарыда жоғалып кеткен 7 жасар қыз өлі табылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Қыз 5 маусымда жоғалып кеткен. Сағат 12:00 шамасында қыз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Сағат 21:28-де оның ата-анасы полицияға хабарласқан.
Кейін қызды белгісіз ер адам алып кеткені белгілі болды. Бұл жағдай бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 6 маусымда түнгі сағат 02:19 шамасында баланың мәйіті Құрсай каналынан өмір белгілерінсіз табылды", – деп хабарлады полиция қызметі.
Қылмыс жасады деген күдікпен Кұлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны бірден ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, сот санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды.
"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Атырау Облысы Полиция Департаменті (@police.atyrau)
"Бала жоғалғаны туралы хабар түскен бойда барлық күштер жұмылдырылды. Өкінішке қарай, көп ұзамай жасөспірім баланың мәйіті табылды. Күдікті тез арада жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ол сот санкциясымен қамауға алынды. Марқұмның отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Кінәлі ең қатаң жазасын алады. Тергеу барысын жеке бақылауыма алдым", — деді Атырау облыстық ПД бастығы Нұрқат Оразбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!