Биыл елімізде 3 млн 200 мың оқушы жазғы демалыспен қамтылады.
Демалыс орталықтарының тізімі бекітіліп, олардың дайындығы пысықталып қойған. Ал лагерлердің санитарлық жағдайы, тамақ қауіпсіздігі, сондай-ақ су, ормандағы және спорт нысандарындағы қауіпсіздікке бақылау күшейтілді. Балалар жазғы каникулын еліміздің 10 мыңнан аса демалыс орнында өткізеді деп жоспарланған. Оның 15 мыңнан астамы жыл бойғы сауықтыру орталықтарында, 186 мың бала қала маңында, 2 млн 800 мың бала мектеп жанындағы, 160 мың оқушы шатырлы және киіз үй демалыс орындарында демалады. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан және көпбалалы жанұядан шыққан оқушыларға басымдық беріледі. 10 мың бала тегін жолдамаға ие болды.
10 мың демалыс орыны – 3,2 млн оқушы
2,8 млн оқушы – мектеп жанындағы лагерь
186 мың оқушы – қала маңындағы лагерь
160 мың оқушы – шатырлы және киіз үй лагері
15 мың – жыл бойғы сауықтыру орталығы