Әлемде мұздықтардың қарқынды еруі жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Италиядағы Вентина мұздығы соңғы он жылда 430 метрге шегінді. Оның жартысына жуығы тек 2021 жылдан бері ерігені анықталды. Бұл туралы Ломбардияның геологиялық зерттеу қызметі хабарлады. Мұздықты барып бақылау тым қауіпті. Сондықтан зерттеу жұмыстары енді дрондар арқылы қашықтан жүргізіледі. Мамандар мұздықтың қарқынды шегінуін жаһандық жылынумен байланыстырады.