Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Күдікті әлеуметтік желіде жәбірленушінің қызметі туралы жалған мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан аса ірі мөлшерде ақша талап еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жалпы елімізде бопсалау үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қылмыстың мән-жайына байланысты кінәлі тұлғаларға айыппұл салу, бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.