Алдағы екі жылда елге оралғандар саны төрт миллионнан асады
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, өткен жылғы 8 желтоқсанда Башар Асад режимі құлатылғаннан бері Сирияға шамамен 1,3 млн сириялық қайтып келген. Ал келесі жылы тағы бір миллионға жуық адамның оралуы күтіліп отыр. Бұл туралы БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БҰҰ БЖКБ) Сириядағы өкілі Гонсало Варгас Льоса мәлімдеді.
Льоса Женевада БҰҰ БЖКБ мен Швейцария үкіметі бірлесіп ұйымдастырған «Босқындар жөніндегі жаһандық форумның ілгерілеуін екінші жаһандық бағалау» атты кездесуге қатысып, Anadolu Ajansı тілшісінің Сириядағы жағдайға қатысты сұрақтарына жауап берген.
Оның айтуынша, ол Асад режимі құлағанға дейін бірнеше ай бұрын Сирияда болып, жаңа әкімшіліктің билікке келуіне куә болған. Льоса елдегі «қорқыныш ахуалының өте жылдам жоғалып, оның орнын үміт басқанын» атап өтті.
Льосаның сөзінше, былтырғы 9 желтоқсанда ол өз командасымен бірге Ливан шекарасына барып, 14 жылдан астам уақытқа созылған мәжбүрлі қуғыннан кейін өз беттерімен отанына оралып жатқан сириялықтарды көрген. Ол сондай-ақ «еліне жеткен көптеген адамдар қуаныштан туған жердің топырағын сүйгенін» де атап өткен.