Іс материалдары "Сот кабинетінде" жарияланған, онда оған билік өкілдеріне күш қолданды деген айып тағылған.


Еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай сотқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Басқа деректер әзірге жарияланған жоқ, танымал балуан Павлодардағы тергеу изоляторынан алдағы сот отырысына жеткізілмек.

"Сот өндірісінде Шабанбай Д.Е.-ға қатысты ҚР ҚК 380-бабының 4-бөлігі 1-тармағында көзделген "Екі және одан да көп адамға қатысты жасалған билік өкіліне күш қолдану" қылмысын жасау дерегі бойынша іс қаралып жатыр", – делінген "Сот кабинеті" материалдарында.

Сот спортшыны негізгі сот талқылауына қатысу үшін Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына этаптауға қаулы шығарды.

Іс қаралып жатқан бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасын қарастырылады.

Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Имашевтің айтуынша, 42 жастағы еркін күрес шебері Дәулет Шабанбай спорттық мансабын 5 жыл бұрын Қазақстан чемпионатында екінші орын алған соң аяқтаған.