Сергей Цырульников Италияда өткен әйгілі Lo Show Dei Record телешоуында үш бірдей Гиннес рекордын жаңартып , еліміздің абыройын асқақтатты, деп хабарлайды Egemen.kz

Рекордтар тізімі:

• 14 металл тағаны 57 секундта иіп, бұрынғы рекордты жаңартты;

• 1 минутта демімен 9 резеңке жылытқышты жарып жіберді;

• 60 секундта жалаң қолымен 19 шегені шойын табаға қақты.

Бұл жетістіктер Guinness World Records ұйымының ресми өкілдерімен тіркелді.

Цырульниковтің бұл жетістігі – қазақстандық спортшылардың әлемдік деңгейдегі мүмкіндіктерінің айқын дәлелі.

Арайлым МЫРЗАХАН,

ЕҰУ 2 курс студенті