Ол айрықша жетістіктерімен танымал.


Астанада бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ержанова 13,5 тонна болатын автобусты 15 метрге сүйреп, жаңа рекорд жаңартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Хабар агенттігіне сілтеме жасап.

30 жылдық тәжірибесі бар ұстаз Айгүл Ержанова №50 "Қазғарыш" мектеп-лицейінде жұмыс істейді. Бұған дейін ол жалпы салмағы 8 тонна болатын екі темір тұлпарды 57 метрден астам қашықтыққа сүйреп, рекорд орнатқан.

"Адамның арманы болмаса, мақсатқа жете алмайды. Арманым орындалды. Біз дайындығымызды тоқтатпаймыз, дамимыз, жаттығамыз", – деді ұстаз.

Осылайша 55 жастағы мектеп мұғалімі GBR (GLOBAL BEST of RECORDS) – THE WORLD BOOK OF RECORDS FOR ASIA AND AFRICA аясында жаңа әлемдік рекорд орнатты.