Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,3% көп.
Былтыр қаңтар-желтоқсан айлары аралығында спорт, демалыс және ойын-сауық саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 878,1 млрд теңгені құраған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Соның ішінде:
- Спорт саласындағы өзге қызмет түрлері – 159,4 млрд теңге;
- Фитнес-клубтардың қызметі – 79,7 млрд теңге;
- Спорт клубтарының қызметі – 67,3 млрд теңге;
- Спорт нысандарын пайдалану – 46,7 млрд теңге;
- Ойын-сауық саябақтарының қызметі – 34,0 млрд теңге.
Ал ең үлкен үлес – 55,3% немесе 485 млрд теңге демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыруға қатысты өзге қызмет түрлеріне тиесілі болып отыр.