Алматылық спортшылар қазіргі бессайыстан Азия чемпионатында 13 медаль жеңіп алды.
Алматы спортшылары U-17 және U-19 жасөспірімдер арасындағы қазіргі бессайыстан Азия чемпионатында 13 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Индонезияда өткен жарыста Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық медаль есебінде бірінші орын иеленді. Бұл нәтижеге алматылық спортшылар айтарлықтай үлес қосты.
Турнирдің басты қаһармандарының бірі Темірлан Төлегенов болды. Ол U-17 санатында жеке есепте, командалық сын мен аралас эстафетада үш алтын медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар Нұрғали Өмірсерік, Яна Беспалова, Ажар Болат, Степан Варёхин, Полина Андреева және Диана Гренц жүлделі орындарға ие болды.
Чемпионат бағдарламасына семсерлесу, жүзу, лазер-ран және қазіргі бессайыстың жаңартылған кедергілер жолағы енгізілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Алматы халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.