Айта кетейік, бұрынғы тізбеде 120 компания болған еді.

Үкіметтің 2025 жылғы 14 қарашадағы қаулысымен экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңадан бекітілген кестеде 113 компания аталып өткен.

Бұл тұрғыда осы тізімге жаңадан қасылғандары бар. Дегенмен, стратегиялық маңыздағы кәсіпорындардың арасында негізінен бұрыннан келе жатқандары кірген. Олардың қатарында мыналар қамтылған:

  • "Қазақстан алюминийі" АҚ;
  • "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС;
  • "Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ;
  • "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ;
  • "Богатырь Көмір" ЖШС;
  • "Шұбаркөл Көмір" АҚ;
  • "Қазмырыш" ЖШС;
  • "Altyntau Kokshetau" АҚ;
  • "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ;
  • "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ;
  • "ҚазТрансОйл" АҚ;
  • "Самұрық-Энерго" АҚ;
  • "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ;
  • "Үлбі металлургия зауыты" АҚ;
  • "ҚАЗАҚАЛТЫН" ЖШС;
  • "Астана-Энергия" АҚ.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, яғни қараша айының аяғына қарай күшіне енеді.