Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлім етті.
Прокуратура бұрғылау қалдықтарының белгіленген лимиттен 513 тоннаға артық жиналғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуына жүргізілген тексеру барысында елеулі заң бұзушылықтарды анықтады.
Атап айтқанда, Buzachi Operating Ltd компаниясының филиалы бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін айтарлықтай асырған. Тексеру барысында бұрғылау қалдықтарының көлемі белгіленген нормадан 513,2 тоннаға артық болғаны белгілі болды.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нәтижесінде компанияға 474 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.