Бүгін республикалық маңызы бар екі автожол қайта ашылды , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, Ақмола облысы бойынша "Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы" автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласы-Павлодар облысы шекарасы) көлікпен жүруге рұқсат.

Сондай-ақ Павлодар облысы бойынша "Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақмола облысы шекарасы-Шідерті ауылы) жол ашылды.

Еліміздегі жол қозғалысына байланысты ақпараттарды тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.