Елімізде медициналық деректерді сақтаудың бірыңғай жүйесі іске қосылады. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің ақпаратынша, жаңа платформа азаматтың талдаулары , екпелері, зерттеу нәтижелері секілді барлық медициналық мәліметтерді бір жерде жинақтап, пациент бақылауда тұрған емханаға қарамастан кез келген дәрігерге қолжетімді болмақ. Бастама медициналық қызмет алуды жеңілдетеді. Жалпы салада электронды анықтамалар, жедел жәрдем қозғалысын бақылау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді цифрландыру және ақылды гаджеттер арқылы денсаулықты бақылау сынды бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырылмақ.

Ербол Оспанов, Денсаулық сақтау вице-министрі:

Маңызды жобалардың бірі – E-Health.kz бірыңғай цифрлық порталы денсаулық саласының. Ол азаматтарға, медұйымдарға, бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілетін тиісті қызметтер мен сервистердің қолжетімділігін жасау. Осы бағытта да ДСМ жұмыс жасап жатыр.

Динара Жарқынбек