Бұл туралы облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті хабарлады.
Сотталушының қылмыстық жолмен сатып алған құны 5 604 000 теңге құрайтын "Changan Alsvin" автокөлігі тәркіленіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тергеу барысында анықталғандай, "HRT" компаниясы өз қызметін самокаттарды салымшыларға сату және сол самокаттарды жалға беру арқылы пайда табу жүйесімен жүзеге асырған.
Компанияның аймақтық филиалын ашып, пайда табуды көздеген Т.Теңелбаева аталмыш компанияның қызметімен толық танысып, "Telegram" желісіндегі "Remo 888" аккаунты арқылы байланыс орнатқан. Кейін "HRT" жүйесіне жаңа салымшыларды тіркеу арқылы өз пайдасын арттыру жоспарын құрған. Жаңа қатысушыларды тартқаны үшін ол әр салымшыдан 15 пайыз көлемінде сыйақы алып келген. Осылайша, облыс аумағында қаржы (инвестициялық) пирамидасын ұйымдастырып, жалпы көлемі 33 004 300 теңге материалдық шығын келтіргені анықталды.
– Аппеляциялық сот үкімімен Т.Теңелбаева ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен және ҚК-нің 218-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Оған ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі қолданылып, айыталушының кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты 5 (бес) жыл мерзімге кейінге қалдырылған, – деп хабарлады Қызылорда облысы бойыынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті.