Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

Әлеуметтік желіде Таразда 22 жастағы жігіт туған анасын зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, 41 жастағы әйел баласының үстінен шағым түсіріп, оны адам сенгісіз әрекетке барды деп айыптаған.

Осы оқиғаға байланысты Жамбыл облыстық полиция департаментіне жүгіндік.

"Тараз қалалық полиция басқармасы аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі ("Зорлау") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 22 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді", – делінген жауапта.

Полиция күдіктінің арыз берушіге кім болып келетінін нақтыламады.