Мемлекет басшысы 16 шілдеде Қылмыстық кодекске жаңа 115-1-бап – «Сталкинг» енгізілген заңға қол қойды.

Бас прокуратураның мәліметінше, енді адамды аңду, мазасын алу немесе тыныштығын бұзу әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Жаза ретінде:

  • 200 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл;

  • 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс;

  • не 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Егер сталкинг зорлық-зомбылықпен, қорқыту, бопсалау немесе жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзумен қатар жасалса, ол Қылмыстық кодекстің өзге баптары бойынша қосымша сараланады.

Прокуратура құқық қорғау органдарының заңды әрекеттері сталкинг ретінде бағаланбайтынын атап өтті. Сондай-ақ азаматтарға мұндай жағдайға бей-жай қарамауға, кез келген оқиға туралы дереу полицияға хабарлауға кеңес берілді.