1. Әзілхан Нұршайықов атамыздың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабында бәріне аян мынадай сөз бар. «Қыздың «жоқ» дегені – «иә» дегені деген» Ол бұрын... Ал қазір Қыздың «жоқ» дегені, шынымен де «жоқ» дегені... Бірақ артынан қалмай, «жоқ» десе де, «мендіксің» дейтіндер енді не істейді? Бұл сталкингтің бірі. Біз жеке шекарамызды қалай қорғаймыз? Қоғамның сталкингке көзқарасы қандай?
2. Заң кеше күшіне енді. Енді тарқатып айтайық. Осы сталкерлер қайдан шығады? Елімізде сталкинг кімдердің арасында көп болады? Мысалы ерлі-зайыпты немесе достардың...
3. Бізде мұндай қадамға барғандар 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл төлейді. Сондай-ақ түзеу жұмыстарына тартылып, 50 тәулікке дейін қамалады. Ал, Ұлыбританияда 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және айыппұл, Австралияда 5-тен 10 жылға дейін түрмеге қамау қарастырылған. Жалпы бізде бұл аз емес пе? Қай елдің тәжірибесін енгізуге болады?
4. Мына кейбір ұялы телефондағы қосымшаларда бір-бірін бақылап отыратын арнайы тетік орнатып қойған. Қайда бардың бәрін біліп отырады. Бір жағынан отбасы мүшелеріне, баланың қауіпсіздігіне жақсы. Бірақ кейде бұл да бір сталкингтің өршуіне үлес қосып жатыр ма дерсің...
5. «Тикток» сталкингтің ошағына айналған. Тікелей эфирде отырып мекенжайыңды айт... «Қазір келем, үйтем-сөйтем», - дейтіндер көбейген. Заң күшңіне ендің ғой. Бақылайтын мамандар бар ма?
Спикер: Рауан Қалиев, заңгер.