10 тамызда халықаралық террористік ұйым қызметіне қатысты деген күдікті Астана қаласына жеткізілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҰҚК мәліметінше, бұған дейін ол Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр", — деп жазылған хабарламада.

ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпаратты жария етпеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget