Қазақстанда "Жасыл ел" жастар еңбек және студенттік құрылыс жасақтарының XXI маусымы басталды. Салтанатты іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ақтөбе қаласында өткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, Ақтөбе облысының басшылығы, республикалық және өңірлік жастар ұйымдарының көшбасшылары мен "Жасыл ел" жасақтарының мүшелері – жалпы саны мыңға жуық адам қатысты.

Маусымның ашылуы аясында "Жастар. Еңбек. Болашақ" атты диалог алаңы ұйымдастырылды. Онда спикерлер жастармен бірге студенттерді жұмыспен қамту, өңірлерде жастар еңбек жасақтарын дамыту перспективалары, экологиялық білім беру, жастардың экосанасын қалыптастыру және табиғатты қорғауға атсалысу мәселелерін талқылады.

"Жасыл ел" жастарының жұмысы бүкіл ел аумағында басталады. Оның аясында жыл сайын 16-29 жас арасындағы 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.