Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Бірқатар өңірде жер үйлерді төтенше жағдайдан сақтандыру міндеті енгізіледі .

– Қазір Азиялық даму банкі және дүниежүзілік банкпен бұл жобаны әзірлеп жатырмыз, яғни төтенше жағдайда жер үйлерді сақтандыруды енгізу. Кім қанша төлейді әзірге белгісіз. Мүмкін 5 мың теңге, мүмкін үйі нашар болса, жылына 1 мың теңге төлейді. Бірақ, судың астында қалса, жер сілкінісі болса, өтемақыны сақтандыру арқылы алатын болады, – деді Қанат Бозымбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір жер үйлерді сақтандыру мәселесі сарапшылармен талқыланып жатыр.

– Қымбат жер үйдің иесі жылына 50 мың теңге төлесе, ал ауылдағы қарапайым жер үйге жылына 1-2 мың теңге болады, одан жоғары болмайды деп ойлаймын, көп болса 5 мың теңгеге шығады. Бұл міндетті болады, бірақ тек төтенше жағдайлар қаупі бар өңірлерде ғана, – деп толықтырды Қанат Бозымбаев.