Оқу-жаттығу барысында жойқын жер сілкінісінің салдарын жою және құтқарушылардың өзара іс-қимылы пысықталуда.


Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Тәжікстанда өтіп жатқан халықаралық оқу-жаттығулар аясында практикалық іс-қимылдарды пысықтауда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін Душанбе қаласындағы Қаратаг шатқалында оқу-жаттығудың негізгі кезеңі өтеді. Оның барысында қатысушылар жойқын жер сілкінісінің салдарын жою және Орталық Азия елдерінің құтқару бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша жаттығулар орындайды.

Оқу-жаттығу қарсаңында қазақстандық құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде бөлімшелердің әрекеттерін үйлестіру және арнайы техникаларды пайдалану бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.

Іс-шараға жол талғамайтын автокөліктер, реанимобиль, мобильді әрекет ету кешендері, гидравликалық құтқару құралдары, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жабдықтары, сондай-ақ альпинистік және сүңгуірлік арнайы техника тартылған.