Өскеменде болған жарылыс салдарынан 2 адам қаза тапқан. Бұл туралы "Қазцинк" баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компания мәліметінше, бүгін таңертең Өскемен металлургия алаңы аумағында штаттан тыс жағдай болған. Алдын ала ақпарат бойынша түтін сорғышты тазарту барысында жарылыс болып, кейін құрылымдар өртеніп, кейбір жері опырылған.
"Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр. Жан-жақты тексеріс жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу нәтижесінде анықталады", — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін ТЖМ зауыттардың бірінің аумағында шаң жинау қондырғысында жарылыс болып, соңы өртке ұласқанын, кейбір жерлер опырылғанын хабарлады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!