Өскемендегі жарылыс салдарынан 2 адам қаза тапты. Бұл туралы "Қазцинк" компаниясы мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін таңертең Өскемен металлургия алаңы аумағында штаттан тыс жағдай болған. Алдын ала ақпарат бойынша түтін сорғышты тазарту жұмыстары барысында жарылыс болып, кейін құрылымдар өртеніп, кейбір жерлері опырылған.
"Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр. Жан-жақты тексеріс жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу нәтижесінде анықталады", — деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!