« Сабақ беру — үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын – өнер».
Жүсіпбек Аймауытов
Әр жеке тұлға табысты болғысы келсе, ең алдымен білім оның басты факторы екенін ұмытпауы керек. Білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол аша отырып, тәрбие мен білім беру ісін жоғары деңгейге көтеруді қажет етеді.
Педагогикалық технологиялардың басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, икемділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға үйрете отырып дағдыландыру.
«Білім туралы» заңда: «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», — деп жазылған. Осы арқылы білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетілген. Қазіргі кезде оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп білім алушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі.
Жаңаша білім беру жүйесінде оқытудың белсенді әдістері-оқу материалын игеру үдерісінде білім алушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістері. Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері, олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне оята келе, білімдерді игеру алға қарай талпыну болмайтынын ескеру керек. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына білім алушыларға білім беріп ғана қоймай, танымдық шығармашылық, қызығушылықтар мен қабілеттердің, ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер қойылумен байланысты. Белсенді оқытудың мәні ол — оқу үдерісі іс-әрекет жүзінде барлық білім алушы таным үрдісіне ұйымдастырылуында. Сабақтың тиімділігін және табысты екенін қамтамасыз ету — мұғалімнің айтарлықтай күш-жігерін жұмсауы қажет етеді. Дегенмен, әр сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында кез-келген педагогтің қолынан келетіні анық.
Білім алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру тәсілінде білім алушылардың оқуға қолдау көрсету мақсатында тексеру және кері байланыс ұсынылады. Яғни, уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттыра отырып қай бағытта оқыту керектігі анықталады. Сонымен бірге білім алушылардың өз жұмысын жақсартуына мүмкіндік беріп, білім алушылардың барынша тиімді оқу жолдарын түсінуіне көмектеседі.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Қазіргі оқушылар менің ойымша дарынды, дүниетанымы жоғары, талапты, мақсатына қол жеткізе алады және өзіндік ойын анық жеткізе алатын.Олай болса, жас ұрпақтың бойынан мейірімділік, адамгершілік, ізгілік, сана-сезім қалыптастыратын ізгі істерді көре аламыз.
Қорыта келе сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдансақ, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылық, өз бетінше білім іздеп, зерттеушілік қабілеттерінің қалыптастыруға ықпал етеміз.
Айзат Құттыбайқызы Можанова,
М.Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Алматы қаласы