ІІМ өкілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайын іздеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Екатерина Биволға қылмыстық іс қозғалғанын және оған халықаралық іздеу жарияланғанын еске салды.
"Тергеу жалғасып жатыр. Ресей полициясымен байланыстамыз. Ол ұсталған жағдайда Бас прокуратура арқылы экстрадиция мәселесін көтереміз", — деді Санжар Әділов Сенат дәлізінде.
Еске салайық, жуырда Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға іздеу жариялады. Бұған дейін Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдеріне тіл тигізген болатын.
Кейінірек Екатерина Биволға іздеу жарияланғаны туралы ресми ақпарат шықты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!