Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері Астанада болған төтенше жағдайдың мән-жайын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басқарманың Telegram-каналындағы ақпаратқа сәйкес "Арыстан" тұрғын үй кешенінде 16 лифтің жұмысына "Эколифт" ЖШС компаниясы жауапты болған. Алайда тұрғындардан ұжымның жұмысына көңілі толмай, жиі шағым түсірген.
Халықтың шағымынан кейін 25 қыркүйегінен бастап "A-TEKNIK" ЖШС лифт қызметі "LIFT STROY IMPORT" ЖШС компаниясына ауыстырған.
"16 лифтінің тек 6-ауы ғана пайдалануға беріліп, басқарманың есебіне қойылған. Қалған 10 лифт есепке алынбаған және пайдалануға берілмеген. "A-TEKNIK" ЖШС компаниясына лифтілерге қатысты бірнеше ескерту берілген. Сонымен қатар, Астана қаласының мамандандырылған аралық экономикалық сотының шешімі бойынша құрылысшы "A-TEKNIK" ЖШС-ға кемшіліктерді жою, лифтілерді іске қосу және қауіпті техникалық құрылғыны "Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" ММ-ге есепке қою жөнінде хабарлама жіберу міндеті жүктелген", — делінген ресми хабарламада.
Аталған міндеттемелер уақытылы орындалмағандықтан, құрылысшыға жеке сот орындаушы арқылы мәжбүрлі орындау тізімі жолданған, нәтижесінде "A-TEKNIK" ЖШС-ға қатысты атқарушылық іс жүргізу басталды.
"Оқиға кезінде қызмет көрсетуші ұйым лифтіні пайдалануға беру үшін жөндеу-қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатқан. Лифтінің құлау фактісі бойынша еңбек инспекциясы, полиция департаменті, тұрғын үй инспекциясы және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдерінен комиссия құрылған. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", — деді басқарма өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз