Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылында 12 оқушы дәрігерге іші ауырып, өзін жайсыз сезінгенін айтып шағымданған. Санитариялық қызмет өкілдері балалар тұтынған тамақ саудасына қатысты тексеріс бастады, деп хабарлайды КТК.
Телеарна тілшісінің хабарлауынша, оқушылар астан ұшынған. Олар мектеп маңындағы дүкеннен тез дайындалатын тамақ жеп уланған болуы мүмкін.
Дәрігерлер басы айналып, құса бастаған балалардың жағдайын бақылап, кейіннен үйіне қайтарған. Қазір олардың жағдайы тұрақты. Ал мектеп маңында мерзімі өткен тамақ саудасына қатысты тексеріс басталды. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тағамдардан сынама алынып зертханаға жіберілгенін айтады. Жаппай улану дерегіне қатысты қылмыстық іс ашылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
"Бүгінде балалар үйінде. Оқушылардан жарты сағат сайын мәлімет алып отырмыз. Балалар дін аман", — дейді Байзақ ауданы білім бөлімінің басшы міндетін атқарушы Ерлан Сейдаханов.
Оның айтуынша, балалар бірер күннен соң мектепке оралады.
Дереккөз: КТК
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз