Қостанай тұрғыны 2023 жылы құрылыс жұмыстарын істеп жүріп, ауыр зардап шеккен. Жазатайым оқиғадан соң ол мүгедек болып қалған. Жәбірленуші сотқа жүгініп, жұмыс берушіден моральдық шығын талап етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Істі Қостанай қалалық соты қарады. Сотта жазатайым оқиға жұмыс берушінің қауіпсіздік талаптарын бұзуынан орын алғаны анықталған.
Бұл мән-жайлар қылмыстық іс материалдарымен және уәкілетті органдардың актілерімен расталды. Сот тараптарға дауды бітімгершілікпен шешудің артықшылықтарын түсіндірді.
Істі қарау барысында тараптар татуласуға дайын екенін білдірді. Олардың өтінішхаттары бойынша сот медиация рәсімін жүргізіп, нәтижесінде медиативтік келісім жасалды.
Талап бойынша жұмыс беруші зардап шегушіге 3,5 млн теңге төлеуге келісіп, талап қоюшы одан әрі талап қоюдан бас тартты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз