Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Солтүстік Қазақстан облысында 5 адам кене энцефалитін жұқтырды. Үшеуі Петропавл қаласының, ал екі адам Қызылжар ауданының тұрғыны. Науқастар инфекциялық ауруханада ем алып жатыр. Жалпы өңірде сәуір айынан бері 408 адамды кене шаққан. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп. Мамандардың айтуынша, кене энцефалиті – адамның жүйке жүйесіне зақым келтіруі мүмкін. Солтүстік Қазақстанда Айыртау ауданы кене энцефалиті бойынша қауіпті аймақ ретінде танылған. Айыртау және Лобаново ауылдарында жыл сайын дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Эльмира Кәленова