Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы қаңтарда ересек тұрғындардың темекі тұтынуы туралы кезекті жыл сайынғы зерттеуін жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сауалнама республиканың барлық өңірі мен үш ірі қаласы – Астана, Алматы және Шымкентте өткізіліп, оған 15 жастан асқан 12 000 үй шаруашылығының бір мүшесі қатысты.
Нәтижелері:
- Халықтың 17,5%-ы темекі шегеді (2024 жылы – 20,7%);
- Ауылдық жерлерде – 19,1%, қалаларда – 16,7%;
- Темекі тартушылардың 93,8%-ы өнеркәсіптік дайын өнімді пайдаланады;
- Ер адамдар арасында темекі шегу көрсеткіші – 34%, әйелдер арасында – 5%.
Ұлттық статистика бюросы бұл зерттеуді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) GATS халықаралық әдістемесі негізінде 2020 жылдан бері тұрақты түрде жүргізіп келеді.