Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлы шаңырақ көтергелі жатыр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әншінің желідегі парақшасынан тойға қызу дайындық жүріп жатқанын байқауға болады. Тойды ұйымдастыру продюсер Жан Мұқановқа сеніп тапсырылған көрінеді. Оның айтуынша, дүбірлі қуанышқа 2000 адам шақырылған.

«Құрметті мәдениет өкілдері, шығармашылық жандар мен той десе ішкен асын жерге қоятын ағайын!

Әділет пен Әдияның үйлену тойына дайындық басталды. Бұл — Сәкен мен Динара Майғазиевтердің жалғыз ұлының үлкен қуанышы. Жәй ғана қуаныш емес — елдің мәдени өміріндегі ерекше сәт.

Сол себепті мен, бас продюсер ретінде, барлық декораторларды, дизайнерлерді, ұйымдастырушыларды, өнер мен сұлулықты түсінетін серіктестерді рәсми түрде шақырамын — бірге үлкен мәдени оқиғаны жасап шығайық!

Кешке 2000 адам шақырылыпты, ал орын максимум 1000-ға арналған. Сондықтан қазір… отырып алып, тізім қарап, ойланып отырмын: “Кімді қиямыз, ағайын?”», — деп жазды продюсер.