Сәкен Майғазиевтің келіні әлеуметтік желіде атынан жалған парақша ашып алатындар шаршатқанын айтып, мұңын шақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Шынымды айтсам, шаршатты. Менін атымнан осындай сөздер жазып, менін түрімді пайдаланып, ойына келгенді жазатыны қаншалықты дұрыс? Оны басқа пабликтер менің шынайы парақшам деп ойлап, жазбаларын талқылайды. Біреудің жазған жазбаларына менің қатысым болғанын мүлдем қаламаймын. Күлкім келеді. Өзім ешқашан айтпаған нәрселерді айтты деп қойғандарына. Былай қарасаң дұрыс парақша сияқты, бірақ неліктен шын аккаунт па, жоқ па тексеріп алуға шамалары келмейді. Ұсақ-түйек нәрсе болып көрінетін шығар, бірақ менің атымнан жарнама алып жүрсе, кім сенеді маған?», деп жазды ол.