Түркістан облысында той кортежін ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Сауран ауданында қыз ұзату тойы кезінде болған. Mercedes-benz, Toyotar және Nexia 5 көліктерінің жүргізушілері анықталған. Бұл көліктер айыптұрағына қойылды.
"Олар жол апаты жағдайын жасағаны, жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамағаны, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз басқарғаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ, көліктерге зақым келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды", — деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!