НАТО Нидерландта Steadfast Noon ядролық оқу-жаттығуларын бастады. Оған 14 мүше мемлекеттен 71 ұшақ жұмылдырылған. Негізгі алаң АҚШ-тың В61 термоядролық бомбалары сақталатын Бельгияның Лимбург провинциясындағы Кляйн Брогель әскери-әуе базасы.

Әскери жаттығу барысында ядролық қару мен жаунгерлік оқ-дәрі қолданылмайды. НАТО Бас хатшысы Марк Рютте атап өткендей, жаттығулар тек қорғаныс сипатында өтеді. Бұл іс-шара альянстың еуроатлантикалық аймақтағы қауіпсіздігін нығайтуды көздейді.