Лондонда Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ұлыбритания, Франция және Германия басшыларымен кездесуі аяқталды. SkyNews телеарнасының мәліметіне қарағанда саясаткерлер украиндық делегация мен АҚШ президентінің өкілдері арасындағы келіссөздер нәтижелерін талқылады.

Өткен аптада Киев делегациясы Майамиде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф және Дональд Трамптың күйеубаласы — кәсіпкер Джаред Кушнермен кездескен еді. Олар Киев пен Мәскеу арасындағы келісім құжатын дайындаудың келесі қадамдарын талқылады. Даунинг стриттегі бүгінгі жиынның қорытындылары, әзірге, жалпақ жұртқа тарқатып айтылмады. Алдағы уақытта Украина президенті НАТО және Еуроодақ басшыларымен келіссөздер жүргізу үшін Брюссельге ұшуды жоспарлап отыр.