Әлемдік нарықта астық құны көтерілді.

Азық-түлік қауіпсіздігі индексі бойынша баға кейінгі бір ай ішінде 1,3 пайызға өсті. Әсіресе бидай қымбат. Аргентина мен Австралияда өнімінің бітік шығуына қарамастан, баға өткен айда 2,5 пайызға өсті. Болжамға қарағанда бұған Қытайдың АҚШ-тан келетін өнімге мүдделік танытуы, Қара теңізде жалғасып жатқан қақтығыстар және Ресейдің егістік алқаптарын қысқартуы себеп. Дегенмен, биыл әлемдік астық өндірісі рекордтық деңгейге жеткен. Бірақ сұраныс та аз емес.

ЦИТАТА :

2025-2026 жылы әлемдік астық тұтыну көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,1% өсуі мүмкін. Жаңа болжамдарға сәйкес, әлемдік астық қоры 6,5% артып, 925,5 млн тоннаға жетеді. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Ал астық саудасы 3,3% өсіп, 500,6 млн тоннаға жетеді.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы

Аргентинадағы бидайдың бітік шығуына байланысты, әлемдік астық өндірісі алғаш рет үш миллиард тоннадан асып, 4,9%-ға өсуі мүмкін. Бұл 3 миллиард тоннадан астам өнім. Аргентина әлемдегі ең ірі бидай экспортттаушы елдің бірі. Күріш өндірісі де алдыңғы жылмен салыстырғанда артады. Әсіресе Бангладеш, Бразилия, Қытай, Үндістан және Индонезия есебінен, жалпы көлем 1,6% өсуі мүмкін.