Румынияда алапат су тасқыны болды .

Кейінгі тәулікте жауын-шашын мөлшері рекордтық деңгейге жеткен. Кей елді мекендерде су тұрғын үйлер мен көшелерді басып қалды. Зардап шеккендер туралы ресми мәлімет жоқ. Елдің оңтүстігінде толассыз жауын-шашынға байланысты қызыл деңгейдегі ескерту жарияланды. Билік тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және эвакуацияға дайын болуға шақырды. Синоптиктердің болжауынша, алдағы бірнеше күн қатарынан толассыз жауын жаууы мүмкін. Сол себепеті су тасқыны қайталануы ықтимал.