Әлемнің бірқатар елінде әскерге бару міндетті емес. Мысалы, Румыния 2006 жылдан бастап әскерін ерікті түрде жасақтауға көшті , деп хабарлайды 24kz.
Италия мұндай қызметтен 1999 жылы бас тартты. Бұл шешім елдегі әйелдер қауымына Қарулы күштерде жоғары лауазымды орындарға тағайындалуға жол ашты. Нидерланд кәсіби әскерге кезең-кезеңмен көшуді 1991 жылы бастады. Ал әлемде армиясы ең күшті саналатын АҚШ-та міндетті түрде әскерге шақыру соңғы рет 1973 жылы болды. Бүгінде 18 бен 25 жас аралығындағы ел азаматтары әскери есепке тұруы тиіс. Бірақ онда қызмет ету ерікті негізде жүзеге асырылады. Ал Еуропада ең жас кәсіби әскері бар Сербия 2011 жылдан бері «бейтарап армия» доктринасын ұстанады. Яғни, елге қауіп төнбесе, сарбаздар өзге соғыстарға қатыспайды.