Бұл шараға Ұлттық гвардияның бірнеше мың сарбазы жұмылады, деп хабарлайды 24kz.

Билік, осылайша, шаһардағы қылмыс және заңсыз көші-қонмен күресті күшейтпек. Washington Post басылымының жазуынша, операция қыркүйек айына жоспарланған. Бұдан бөлек, үкімет тағы 19 штатқа әскер орналастыруға ниетті. Оның ішінде Алабама, Джорджия және Флорида бар. Бірақ ең көп жасақ заңсыз көші-қон кең етек жайған Техасқа жөнелтіледі. Бұған дейін маусым айында президент Дональд Трамп Лос-Анджелеске әскер кіргізген еді. Олар полицияның тексерісіне қарсы шыққан халық наразылығын басуға қатысты