Италияда Батыс Ніл вирусынан 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл кейінгі 2 апта ішіндегі көрсеткіш. Ал, жыл басынан бері 32 адам вирус жұқтырған. Жағдай, әсіресе, Лацио, Салерно, Кампания аймақтарында күрделі. Жалпы Еуропа бойынша аталған вирус Италиядан бөлек Грекия, Румыния, Болгария және Францияда тіркелген. Бұл вирусты негізінен кулекс масалары таратады. Бұл жәндіктер көбіне су қомайларында мекен етеді. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, бұл инфекция 60 жастан асқандар мен иммунитеті төмен адамдар үшін өте қауіпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, 80% жағдайда инфекция толығымен симптомсыз өтеді.