1 шілдеден бастап Астанада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот жұмысын бастады. Осыған орай үш сот төрағасы және судьялар тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа соттар елордада орналасқан. Бұған дейін кассациялық сатының функцияларын Жоғарғы сот жүзеге асырып келді.

Мемлекет басшысының жарлығымен мынадай тайындау жүргізілді: ​

  • Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы — Смайылов Асқар Спартакұлы және 37 судья; ​
  • Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы — Жұмағұлов Ақан Маратұлы және 20 судья; ​
  • Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы — Нәжімиденов Берік Төлеутайұлы және 18 судья.

Сот әкімшілігі басшысының өкімімен кассациялық соттар департаментінің басшысы болып Ержан Қожахметов тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылғаны хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget