Үкімет мұны елдегі расталған газ қорының аздығымен түсіндіріп отыр.
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринның айтуынша, қазіргі баға деңгейі газ қорларын барлау мен жаңа кен орындарын игеруге инвестор тартуға мүмкіндік бермей отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондықтан Үкімет газ саласына инвестиция тарту үшін көтерме тарифті көтеруге мәжбүр.
Серік Жұманғариннің сөзінше, бұл шешім инфляцияға айтарлықтай әсер етпейді. Министр сөз тек көтерме тауарлық газ бағасы туралы екенін нақтылады. Егер тариф өзгермесе, Қазақстан газ импортын арттыру қаупімен бетпе-бет келуі мүмкін.
Сонымен қатар Үкімет теміржол қызметтерінің тарифін көтеру мүмкіндігін де қарастырып жатыр. Алғашқы кезеңде өсім орта есеппен 12 пайызға дейін жетуі ықтимал. Министрлік шілдеде жоспарланған газ бағасының өсуі инфляцияны шамамен 0,16 пайызға ғана арттырады деп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2028 жылға дейін газдың көтерме бағасын кезең-кезеңімен көтеру жоспары жарияланған болатын.