Су саласы қызметкерлерінің жалақысы тағы артты. Былтыр 25 пайызға өссе, биыл 50 пайызға дейін көтерілді.
Осылайша, мамандар 300 мың теңге еңбекақы алады. Төменгі буын қызметкерлерінің де айлығы екі еселеніп, 185 мың теңгеге жетті. Жылды қортындылаған сала министрі осылай деді. Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» мекемесінің 425 маусымдық қызметкері тұрақты қызмет орындарына ауыстырылғанын да айтты. Сонымен қатар кәсіпорынның бүкіл филиалына жоспарланған 700-ден аса техника мен көліктің басым бөлігі берілген. Саны 580-ге жуық. Сондай-ақ 2028 жылға дейінгі Жол картасы аясында Сәтпаев атындағы каналды жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру жұмысы басталды.